Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, 2025 жылдың 18 сәуір мен 19 мамыр аралығында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық перзентханасы» МКК-ның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізіледі:
1) перзентхана қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) перзентхананың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса және проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз. сіз перзентхананың комплаенс-офицері Зұлпықаров Әсет Ержанұлының телефон нөміріне 8 776-399-22 -55 хабарласуларыңызға немесе Шымкент қаласы, Алдиярова көшесі, 60 келулеріңізге болатындығын хабарлаймыз. Эл.почта: a.zulpykarov@mail.ru.